Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Екібастұз көшелерінің бірінен әйел адамның денесі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq ruhy агенттігіне сілтеме жасап.
Павлодар облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Екібастұз қаласының Беркімбаев көшесінен белгісіз әйелдің денесі табылған.
«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жеке басын анықтау жұмыстары жүргізілуде», – делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.