|
28.06.2022 | 15:06
2714

Атырауда 4 млн теңгені жымқырған басшыға қатысты сот үкімі шықты

Қаржылық мониторинг агенттігінің облыстық департаменті «Жайық жарығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр

Атырауда 4 млн теңгені жымқырған басшыға қатысты сот үкімі шықты oir.mobi

Атырауда мемлекеттік сатып алуларда 4 млн теңгеден астам ақша ұрланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің облыстық департаменті «Жайық жарығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Мердігер компания басшысы 2019 жылы Жылой аумағын жарықтандыру үшін 150 млн теңгені тендерде жеңіп алған. Алайда, анықтау барысында мемлекеттік заңнамада көрсетілген талаптардың өрескел бұзылғаны анықталып отыр. Қазір қазына қаржысын мақсатсыз жұмсап, бармақ басты көз қысты әрекетті іске асырған үшін жаза тағайындалды.

«Ол заңнама талаптарын және жұмыстарды мем сатып алу туралы шартпен алынған міндеттерді бұзып, рәсімделген құжатта көрсетілген жарық шамдарының орнына арзан нашар сападағы жарық шамдарын алған. Сот үкімімен аталған ЖШС басшысы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып 2 жыл бас бостандығынан айырылды», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир