Рудныйда қоқыс контейнерінен жаңа туған сәби өлі табылды

18.12.2023 21:07

Ол полиэтилен пакетке оралған

Костанайские новости

Рудныйда қоқыс контейнерінен жаңа туған нәресте өлі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

17 желтоқсанда сағат 12:00 шамасында Рудныйда Корчагин көшесіндегі үйлердің бірінің маңындағы қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды. Ол полиэтилен пакетке оралған.

"Аталған факті бойынша Рудный полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 100-бабы "Жаңа туған баланы анасының өлтіруі" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады", - деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаменті.

Полицейлер баланың анасын және жаңа туған нәрестенің денесін қоқыс жәшігіне тастаған болуы мүмкін адамдарды іздестіріп жатыр.

"Осы қылмыстың куәгері болсаңыз, полицияға 102, 52-60-22, 52-59-25 телефондарына хабарласыңыз. Болмашы ақпараттың өзі тергеуге көмектеседі", - деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаменті.