9 күдікті қамауға алынған
Қаңтар оқиғасына қатысты азаптау фактісі бойынша 15 адам күдікке ілінді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
9 күдікті қамауға алынған. Атап айтсақ, Ұлттық қауіпсіздік комитетінен - 8, бір адам полиция қызметкері. Ол туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтты. Сондай-ақ бейберекет кезінде қаза болғандардың толық тізімін жариялау үшін әр құрбанның өлім жағдайы анықталып бітпегенін ескертті.
«Қанды қаңтар кезінде 238 адам қаза тапты. Оның ішінде 6 адам азаптаулардан кейін өлген. Азаптау әрекеті бойынша 15 адам күдікке ілінді. Оның тоғызы қамауда отыр. Біз ол күдіктілердің бәрі кінәлі деп қазір айта алмаймыз. Тергеу жүріп жатыр. Қайтыс болғандардың саны белгілі. Бірақ тергеу шаралары жүріп жатыр. Адам қай жерде, қандай жағдайда өлгенін анықтау қажет», – деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев.