Заңсыз сауда: құны 80 миллион теңге электронды темекі тәркіленді

24.08.2023 19:32

Cотқа дейінгі тергеу басталды

yandex.kz

Алматыда құны 80 миллион теңгенің электронды темекі тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаржы мониторингі агенттігі таратқан ақпарына сай, жедел іздестіру іс-шаралары барысында қалада денсаулыққа зиянды өнімдерді заңсыз сатқан сауда және қойма үй-жайы анықталған.

– Тінту кезінде 80 млн теңгеден асатын 55 мыңнан астам электронды темекі табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды.  ҚР ҚПК 201-бабының талабына сәйкес өзге мәлімет жария етілмейді, – деді ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Оқи отырыңыз: Шымкентте ағасы туған інісін ақыл айтқаны үшін өлтіріп тастады