Қылмысқа шетелде жүрген азаматтардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр
Қарағанды облысында терроризм туралы хабарлама таратып, дүйім жұртты дүрліктірген азамат ұсталды. Белгілі болғандай, мектептерде балаларды өлтіретінін айтып, елді аяғынан тік тұрғызған 13 жастағы жеткіншек екен. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ресми ақпарда жасөспірімнің алдымен әлеуметтік желіден терроризм тақырыбындағы ақпаратты көргені, кейін «Очищение Караганды» деген атаумен Telegram арна құрғаны айтылған. Тәртіп сақшылары күдіктіні экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесе қолға түсіріпті.
Қазіргі уақытта Telegram арна өшіріліп, бұл қылмысқа шетелде жүрген азаматтардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Ал әккі әрекет жасаған баланың ата-анасы заңға сәйкес жауапқа тартылады.
Оқи отырыңыз: Алматыда діни экстремизмге қарсы профилактикалық жұмыс басталды