Алматы облысында есірткі сатумен айналысқан ер адам ұсталды

21.12.2021 19:35

Күдікті гашишты заңсыз сақтаумен және оны өткізумен айналысып келген

Almaty.tv

Алматы облысының Ескелді ауданында есірткі заттарын сатқан және сақтаған ер адам қолға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жергілікті тәртіп сақшыларының мәліметінше, күдікті гашишты заңсыз сақтаумен және оны өткізумен айналысып келген. Алайда облыстық полиция департаментіне қылмыстық әрекет туралы жедел ақпарат түсіп, күдіктінің 46 жастағы Талғар ауданының тұрғыны екені анықталды.  

«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабы 2-бөлігіне сай қылмыстық іс қозғалды. Жеке тінту кезінде күдіктіден 400 граммнан жоғары гашиш заты тәркіленді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», – деді ПД баспасөз қызметінің қызметкері Әбілтай Әбенов.