|
25.09.2020 | 17:33
2466

Түркістан облысында такси жүргізушісі жолаушысын 30 мың теңгеге алдады

Күдікті өз кінәсін мойындады

Түркістан облысында такси жүргізушісі жолаушысын 30 мың теңгеге алдады Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында полиция қызметкерлері жолаушыны 30 мың теңгеге алдаған жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Сарыағаш ауданының полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан шағым түскен. Ол белгісіз ер адам жоғалған телефонды тауып беремін деп алдап, 30 мың теңге алғанын айтқан. Кейін ол жоғалып кеткен.

Тергеу барысында жәбірленуші мас күйде таксиге отырып, Шымкенттегі үйіне жеткені белгілі болған. Алайда ол үйге жеткен соң телефонын көлікте қалдырғанын білген. Жәбірленуші такси жүргізушісіне хабарласып, затын қайтарып беруді сұрапты. Бірақ жүргізуші телефон үшін 30 мың теңге сұраған. Жәбірленуші күдіктіге сұраған ақшасын берген, алайда ол телефонды да, ақшаны да қайтармапты.

Осыдан соң тұрғын полициядан көмек сұраған. Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері жүргізушінің кім екенін анықтап, оны ұстаған. Тергеу барысында оның бұрын алаяқтық үшін сотталған шымкенттік екені анықталды. Күдікті өз кінәсін мойындады», – делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары күдіктінің осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир