Дубайдан айфон тасымалдаған азамат Алматы әуежайында ұсталды

14.10.2022 19:37

Шетелден заңсыз әкелінген 70 тауар тәркіленді

Almaty.tv

Дубайдан соңғы үлгідегі айфон мен макбук, бағалы құлаққаптарды ел аумағына тасымалдаған азамат Алматы әуежайында ұсталды. Мемлекеттік кірістер департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, шетелден заңсыз әкелінген 70 тауар тәркіленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айғақтар мен материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

«Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің шешіміне сәйкес, жеке тұлғалар жеке пайдалануға арналған Кеден одағының шекарасы арқылы өткізетін критерийлері бойынша 1 тұлға 2 бірліктен аспайтын телефон алып өтуге ғана рұқсат етілетінін хабарлаймыз», – деді Мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмыс және байланыс орталығының басқарма басшысы Айжан Бекеева.