Бишімбаевтың ісі: сот айыпталушы тараптың өтінішін қабылдамады

Almaty.tv
Almaty.tv
Сотталушының телефонын тексеру мүмкін болмады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қуандық Бишімбаевтың телефонын тексеру тағы да мүмкін болмады. Арнайы мамандар да аша алмаған. Бүгінгі сот отырысында экс-министрдің қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов дәлел ретінде ұсынылған смартфонды тәуелсіз зерттеуді сұрады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Адвокаттың айтуынша, онда Қуандық Бишімбаевтың кінәсін жоққа шығаратын дәлелдер бар көрінеді. Сол себепті де сотталушы құрылғының құпия сөзін айтуға келіспейтінін жеткізді. Алайда жәбірленуші тарап пен айыптау тарапы бір ауыздан қарсылық білдірді. Ал судья бұл өтінішхатты қанағаттандырмады.

– Айыпталушы тараптың өтініші қанағаттандырылмайды. Себебі, тағы да еске саламын, телефондағы деректердің тағылған айыпқа қатысты тұсы ғана зерттеледі. Телефон сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде заттай айғақ ретінде танылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында бұл факті бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті зерделеу жұмыстарын жүргізді. Құрылғыда алты таңбалы пароль коды орнатылған. Және қолда бар құралдар арқылы оны ашу мүмкін емес деген қорытынды шығарылды, – деді судья Айжан Құлбаева.    

Оқи отырыңыз: Бишімбаев смартфонын тексеруге рұқсат бермеді

Новости партнеров