|
22.04.2024 | 15:00
178

Елімізде су тасқынынан зардап шеккен 23 мыңнан аса адам үйіне оралды

Жайықтың бойындағы 84 елдімекенге қауіп төніп тұр

Елімізде су тасқынынан зардап шеккен 23 мыңнан аса адам үйіне оралды Almaty.tv

Елімізде су тасқынынан зардап шеккен 23 мың 85 адам үйіне оралды, деп хабарлайды Almaty.tv.

ТЖМ ақпарына сай, бұл аймақтардан 11 миллион 400 мың текше метр еріген қарды сорып шығарған. Қазір қарғын сумен күрес қарқынды жүріп жатыр. Оралда 116 саяжай бірлестігі табиғат апатынан зиян шекті. Өңір билігінің мәліметінше, мұнда 2 мың 73 отбасы, яғни 6 мың 888 адам тұрады. Осы күні Жайықтың бойындағы 84 елдімекенге қауіп төніп тұр. Онда эвакуациядан бас тартатын тұрғындар кездесіп жатқанға ұқсайды.

– Эвакуациядан бас тартқан адамдар бар. Себебі олар сенбеді. Бірақ қазіргі жағдайға байланысты мәжбүрлеп эвакуация жасау жөн деп ойлаймын. Өйткені судың келетін деңгейі әлі де көтеріледі деген болжам бар, – деді БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Нұржан Төлеуіш.

Оқи отырыңыз: Сәтбаев қаласынан Петропавлға гуманитарлық көмек жөнелтілмек

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир