Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі мәлімдеді
«Қазақстан темір жолы» акционерлі қоғамының Павлодардағы бөлімшесінің басшысы ұсталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Филиал басшысы өзінің орынбасарымен бірге төрт жыл бойы қарамағындағы 100-ден астам қызметкерден жүйелі түрде пара алып келген. Яғни жұмысшылар қызметтен шығып кетпеуі үшін ай сайын 8 мыңнан 10 мың теңгеге дейін ақша төлеп отырған. Қазір дерекке қатысты тергеу жалғасып жатыр. Бөлімше басшысын Павлодар облыстық Экономикалық тергеу департаменті ұстаған.