Полиция департаменті бұл іс бойынша тергеу жүргізіп жатыр
Павлодарда ішімдікке сылқия тойып алған ер адам оныншы қабаттан құлап мерт болды. 47 жастағы азаматтың сымға ілініп, салбырап тұрғанын куәгерлер видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Көп ұзамай мас азамат кіреберістің маңдайшасына құлаған. Алған жарақаты ауыр болып, тілге келмей көз жұмды.
Жергілікті тұрғындар марқұмның қайғылы жағдайдан бірер уақыт бұрын өзін "учаскелік полиция қызметкері" деп таныстырып, пәтерлерге кірмек болғанын айтады.
Полиция департаменті бұл іс бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
- Ер адамның құлау фактісі ҚР ҚК 105-бабы бойынша "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" фактісі Павлодар қаласының оңтүстік полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімге тіркеліп, бірқатар сараптама тағайындалды, - дейді Павлодар қаласы ПБ тергеу бөлімшесінің бастығы Алмагүл Төлебаева.
Оқи отырыңыз: Петропавлда ерекше отбасы табылды