Алматы полицейлері адам ұрлап, оларға қайтарымсыз несие рәсімдетіп келген қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Күдіктілер жалға алынған коттеджде 29 жәбірленушіні қамауда ұстап, 200 млн теңгеден астам шығын келтірген. Қылмыстық топтың мүшелері тұрғылықты жері жоқ азаматтарды ұрлап және заңсыз бас бостандығынан айырумен айналысқан.
– Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесі мен дәлелдеме жиынтығы бойынша күдіктілерге қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны, оны басқарып, қатысқаны үшін екі қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық топтың 7 мүшесі ұсталып, қамаққа алынды. Заттай дәлелдемелер тәркіленіп, тергеу амалдары жүргізілуде, – деді ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.
Оқи отырыңыз: Ақмола облысында мал ұрлап жүрген екі азамат сотталды