Олар «WhatsApp» және «Telegram» мессенджері арқылы азаматтардың қаражатын жинаған
BINCLOUD қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар тергеліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар «WhatsApp» және «Telegram» мессенджерлері арқылы азаматтардың қаражатын тарта отырып, істі жүргізген. Күдіктілердің заңсыз әрекетін қаржылық мониторинг агенттігінің БҚО департаменті анықтаған. Бағдарламаға сәйкес азаматтар белгілі бір қаражатқа виртуалды майнинг жабдығын жалға алады, одан күн сайын салынған соманың 5-6% мөлшерінде инвестициялық кіріс алады.
«Сонымен қатар, клиенттерден кіріс қаражатын шығару кезінде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың пайдасына жалпы қаражаттың 16% ұсталады. Айта кету керек, пирамиданың басты міндеті жаңа қатысушыларды тарту, әдетте құрылтайшысы ақша қаражатын жинап, ақшамен жоғалады», – деді ҚР қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.