Cотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу басталды
Атырау облысында 25 балық аулау заңдылығын бұзғаны анықталып отыр. Құқық бұзған тұрғынның бірінен 27,6 келі бекіре тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 10 қыркүйектен бері «Бекіре-2024» жедел профилактикалық іс-шарасының күзгі кезеңі басталды.
«Бұл іс-шараның мақсаты – бекіре және басқа да балық түрлерін заңсыз аулаудың жолын кесу. Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері балықты заңсыз аулаған 25 адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Құрманғазы ауданының азық-түлік дүкендерінің бірінде заңсыз балық аулаумен айналысқан 1995 жылғы ер адам ұсталды. Тексеру барысында одан салмағы 27 келі 620 грамм болатын бекіре тұқымдас балық өнімдері тәркіленді. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 339-бабымен (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу басталды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
Оқи отырыңыз: Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік Қазақстанды қолдайды