Сотқа Серік Батырғұжинов онлайн форматта қатысты
Бұған дейін «зорлық жасады» деп айып тағылған Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасарына қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Істі тергеу барысында ақпараттың шындыққа жанаспайтыны анықталып, шенеунік өзіне жала жапқан әйелдің үстінен арыз жазған. Іс сотқа жетіп, «бопсалау» бабы бойынша алдын ала тыңдалым өтті. «Серік Батырғұжинов мені кабинетіне шақырды» деген әйел сот залында оқиғаның қалай болғанын айтып берді.
– Ойымда ештеңе жоқ, шақырған соң кабинетіне бардым. Егер ол мені пәтерге, қонақүйге немесе тағы басқа жерге шақырса бармас едім, – деді күдікті.
Сотқа Серік Батырғұжинов онлайн форматта қатысты. Бұған денсаулығының сыр беруі себеп болған. Павлодар облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, әкім орынбасары 8 қаңтардан бастап еңбекке жарамсыздығына байланысты жұмысқа шықпаған. Ал егер әйелдің кінәсі расталса, 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Оқи отырыңыз: Ұлттық киімді шеш: Түркістан облысында мұғалімдер арасындағы жанжал төбелеске ұласты