Ұлттық киімді шеш: Түркістан облысында мұғалімдер арасындағы жанжал төбелеске ұласты

Фото видеодан алдынды
Фото видеодан алдынды
Бейнежазба әлеуметтік желіге тарап үлгерді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысы Мақтаарал ауданына қарасты мектептердің бірінде мұғалімдер жаға жыртыса жаздады. Төбелесуден тайынбаған педагогтардың жанжалы нақты қашан болғаны белгісіз. Мәлім болған ақпарат та ұстаздардың сөзіне негізделеді. Ал психологиялық соққы алып, ағыл-тегіл жылаған оқушының бейнежазбасы әп-сәтте әлеуметтік желіге тарап үлгерді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ақпаратқа сенсек, ұрыс балалардың сабаққа ұлттық нақышы бар киіммен келгені үшін басталған. Мұғалімдердің бірі шәкіртінің кәжекейді шешіп отыруын бұйырған. Жанжал ұстаздар ұрысына ұласып, педагогтар тіпті ұл-қыздардың алдында жаға жыртыса жаздаған. Оқушыларға білім беріп тәрбиелейтін мамандардың ерсі әрекетіне қатысты білім басқармасы әзірге ешқандай шара қолданбады.  

– Жан-жақты зерделеу үшін Түркістан облысының білім басқармасы мен білім сапасын қамтамасыз ету департамент өкілдерінен тұратын арнайы комиссия құрылды. Тексеру нәтижелері бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасы аясында тиісті іс-шара қабылданады. Мектеп оқушысына психологтар көмегі көрсетілді, – деді Білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова.

Оқи отырыңыз: Сингапур мен Алматы мектепте білім беруді жақсарту бойынша күш біріктіреді

Новости партнеров