Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынды

05.07.2024 19:55

Бұған дейін әнші Алматы-Астана әуе рейсінің бортында ұсақ бұзақылық жасап, өзге жолаушыға қасақана жеңіл дене жарақатын келтіргені үшін ұсталған еді

Almaty.tv.

Белгілі эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұған дейін әнші Алматы-Астана әуе рейсінің бортында ұсақ бұзақылық жасап, өзге жолаушыға қасақана жеңіл дене жарақатын келтіргені үшін ұсталған еді. Дегенмен, ол сотта төбелесті жанындағы жолдасы бастағанын айтып, өзін жәбірленуші деп санауды сұраған. Шығарылған қаулыға сәйкес, өнер жұлдызы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Айта кетейік, сот кезінде Қайрат Нұртас пен анасы видеотүсірілім жасауға қарсылығын білдірген.

Оқи отырыңыз: Басы тағы да дауға қалды: Қайрат Нұртастың үстінен іс қозғалды