Петропавлда жауын салдарынан тұрғын үйлерге су кірді

05.07.2024 19:58

Көшелерде толарсақтан келер су тұр

elements.envato.com

Әлеуметтік желіде пайда болған бейнежазбалардан тұрғындардың таңданысын байқауға болады. Өйткені бұған дейін жаңбыр жауғанымен, мұншалықты су қала көшелерінде тұрған емес, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілішісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

Кей тұрғындар пәтерлеріне төбеден су ағып, дүние-мүлкіне зақым келгеніне шағымданып жатыр.

Петропавлдың Ойқала ықшам ауданында аққан жаңбыр суы тұрғын үйлерге кіріп кетті.

«Қазгидромет» РМК Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының мәліметінше, облыс аумағына Солтүстік циклоны әсер етіп, атмосфералық жылы және суық фронттардың өтуінен қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнады.

Петропавлдағы «Қызылжар» автоматты метеорологиялық станциясында сағат 12.00-де 44,1 мм жаңбыр жауған. Бұл онкүндік нормадан 1,9 есе асып, айлық нормадан 64% құрады. Бұдан бөлек кей жерлерде диаметрі 5 мм бұршақ 3 минут бойы жауған. Петропавлда әлі де жаңбыр құйып тұр.

Бұған дейін СҚО білім басқармасына жаңа басшы тағайындалғанын жазған едік.

Оқи отырыңыз: Алматыда 8-14 шілде аралығында ауа райы қандай болады