Бишімбаевқа қатысты тергеу ісі аяқталды

 Almaty.tv
Almaty.tv
Қарағандыдағы жедел жәрдем жүргізушісін ұрған күдікті әлі табылмады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында ІІМ Ержан Сәденов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, жәбірленуші мен айыпталушы тарап іспен танысып жатыр. Одан кейін құжат сотқа жолданбақ. Ал сот отырысының ашық не жабық өтетіні алдағы уақытта хабарланбақ.

Айта кетсек, бұған дейін экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен қамауға алынған болатын.

– Бишімбаевқа қатысты тергеу ісі аяқталды. Қазір іспен танысып жатыр. Тергеу толық аяқталды деуге болады. Іс сотқа танысудан кейін жіберіледі. Қамаудағы күдіктіге ешқандай ерекше жағдай жасалмаған. Бәріне бірдей жағдай қарастырылған. Камерада жалғыз емес, адамдар бар. Күдіктінің тәртібіне қатысты шағым түскен жоқ. Ол сот ісіне дайындалып жатыр, – деді ҚР ІІМ Ержан Сәденов.

Астанада зорлық көрген 8-сынып оқушысының жағдайына қатысты да ІІМ пікір білдірді. Қылмыстық іс қозғалған. Қолға түскен күдіктілер кәмелетке толмаған жеткіншектер көрінеді, бәрі қамауға алынған.

Ал Қарағандыдағы жедел жәрдем жүргізушісін ұрған күдікті әлі табылмай жатқан көрінеді. Ержан Сәденов бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Кінәлілер заң бойынша жазаланбақ.

– Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті іздеуде. Іздеу іс-шаралары жүріп жатыр, – деді Ержан Сәденов.

Оқи отырыңыз: Астанада вейп сұйықтықтары тәркіленді

Новости партнеров