Елімізде 4 млрд теңге мұнайды заңсыз сатқандар ұсталды

01.08.2022 19:57

Олар 20 мың тонна мұнай өнімін шекара асырмақ болған

faktiler.kz

Елімізде 4 млрд теңге мұнайды заңсыз сатқандар ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаржылық мониторинг агенттігі жалпы көлемі 20 мың тонна мұнай өнімін шекара асырмақ болғандарды анықтаған. Олардың алғашқысы Жамбыл облысында АИ-92 маркалы бензин құйылған бес цистернаны Қырғызстанға жібермекші болыпты. Тағы 4 теміржол цистернасын Павлодар облысында «органикалық еріткіш» деген жалған атаумен Ресейге экспорттағысы келген.

«Сотқа дейінгі тексеру аясында жанар-жағармайдың шығу көздерімен оның айналымына қатысы бар тұлғалар анықталып жатыр. Оларды табу үшін аналитикалық құралдар кеңінен қолданылы,  терең операциялық әзірлемелер жүзеге асырылып жатыр.  Өңірлерде шекара қызметі және мемлекеттік кіріс органдармен өзара іс-қимыл жолға қойылып, бірлескен жұмыс жоспарына қол қойылды», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.