280 млн теңге мөлшерінде заңсыз кіріс алған
Ақмола облысында құрамында алтын аралас кварц кенін заңсыз қазған ер адам сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тергеу барысында анықталғандай, ол учаскені барлауға келісімшарт жасаған. Осылайша, кварц кенін заңсыз өндірумен, кейін оны үшінші тұлғаға сатумен айналысып келіпті. Нәтижесінде, азамат заңсыз табыс тауып, іс жүргізген.
«Нәтижесінде 280 млн теңге мөлшерінде заңсыз кіріс алған. Сот үкімімен сотталушыға келтірілген залал республикалық бюджетке толық өндіріліп, 2,5 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.