"Innova Gold" қаржы пирамидасын құрғандар ұсталды

03.08.2022 20:00

Агенттік берген ақпарға сүйенсек, салымшылардың саны 1300-ден асқан


Мыңнан астам адамды сан соқтырып кеткен "Innova Gold" қаржы пирамидасын құрғандар ұсталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі мәлімдеді, Almaty.tv.

Агенттік берген ақпарға сүйенсек, салымшылардың  саны 1300-ден асқан. Қазіргі таңда келтірілген шығын анықталып жатыр. Ұйымдастырушыға қатысты 2 айға дейін қамауға алу шарасы тағайындалған. 

"Қаржы мониторинг агенттігінің Алматы қалалық департаменті алтын құйма мен құрамында алтын элементтері бар косметикалық өнімдерді сататын интернет дүкен атын жамылған «Innova Gold» қаржы пирамидасының жолын кесті. Ұйымдастырушылар сенгіш азаматтарға қаражат салып өзімен бірге басқа салымшыларды әкелсе бонус есептеуге уәде берген. Азаматтардың салған қаражаты сайтта салымшылар кабинетінде  көрсетілді", - деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.