Ертіс бойында екінші АЭС салынуы мүмкін

03.08.2022 20:03

Бірінші атом электр стансасын салу үшін Алматы облысындағы Үлкен елді мекені таңдап алынған

inform.kz

Ертіс өзенінің бойында еліміздегі екінші АЭС салынуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бірінші стансаның құрылысы басталып, сәтті іске қосылатын болса «Қазақстанда қанша АЭС болады?» деген сұрақ туындайды. Бұл сұрақ та талқыланып жатыр. Қазақстандағы екінші АЭС Ертіс бойында, Курчатов қаласы ауданында пайда болуы мүмкін. Егер Қазақстан көміртегі бейтараптығы жолын таңдайтын болса, онда бірнеше АЭС салудан басқа жол жоқ. Ертіс сөзсіз келешегі бар алаң», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. 

Бұған дейін, еліміздегі бірінші АЭС салу үшін Алматы облысындағы Үлкен елді мекені таңдап алынғанын жазған болатынбыз.