Шымкентте үй алмақ болған тұрғын ақшасынан қағылды

polisia.kz
polisia.kz
22 қаңтарда, сағат 13:58-де Әл-Фараби АПБ-ға жергілікті жердің тұрғыны шағымданған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үй аламын деген шымкенттік 7 млн теңгеге жуық қаражатынан айырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Мемлекеттен пәтер алып беремін» деп тұрғындардан заңсыз ақша алып, айласын асырғандар саны азаймай тұр. Кезекті жайт Шымкент қаласында орын алды. 22 қаңтарда, сағат 13:58-де Әл-Фараби АПБ-ға жергілікті жердің тұрғыны шағымданған. 

«Бір айдан бергі танысым Шымкент қаласынан мемлекеттік бағдарлама бойынша 2 ай уақыттың ішінде пәтер алып беремін деген», – дейді арызданушы.

6 млн 650 мың теңге ақшасын алдын ала алаяқтық жолмен иемденіп алғанын жазып көрсеткен. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіміне тіркелді. Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті азаматшаны қала аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 63 жастағы тұрғыны болып шықты. Зейнеткер. Бұған дейін мұнай саласында жұмыс жасаған. Сондай-ақ, ұсталған азаматша бұрын алаяқтық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылып, істі болғандығы анықталды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Новости партнеров