Іске қатысты деректі тәртіп сақшылары анықтап жатыр
Алматыда 22 жасар қызды зорламақ болған. Жеке сектордағы тұрғын үйлердің көшесімен келе жатқан көліктің алдынан шыққан қыздың жүргізушіден көмек сұраған сәті бейнетіркеу камерасына жазылып қалған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқиға кеше түнде болыпты. Қыз бала көлікке отыра салысымен артынан ер адамдардың қуып келе жатқанын айтады. Ал, жүргізуші алысқа тоқтап дереу полицияға хабар берген. Қазір іске қатысты деректі тәртіп сақшылары анықтап жатыр.
«Қазіргі таңда Жетісу аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалып, арнайы тергеу тобы құрылды. Азаматтың айтуынша, 2 ер жігітпен бөтелкелес болған. Содан кейін осындай жағдай орын алған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр», – деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.