Жасөспірімдерге электросамокатпен жүруге тыйым салынады

29.07.2022 20:00

Бұл туралы Әкімшілік полиция комитеті мәлімдеді

Жасөспірімдерге электросамокатпен жүруге тыйым салынады
sxodim.com

Елімізде 16 жасқа толмаған жасөспірімдердің электросамокатпен жүруіне тыйым салынады. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.

"Электросамокатпен тек бір адам жүруі керек. Қозғалыс жылдамдығы сағатына 25 километрден аспауы тиіс", – делінген хабарламада.

Биыл жол қозғалысы туралы заңға тиісті өзгеріс енгізіледі. Жаңа талапқа сай электросамокат иелері қозғалыс құралына жарықтандырғыш орнатуы міндеттеледі. Бұған дейін самокатқа арналған ереже бекітілген болатын.