Ауыр жарақаттаған: Нұр-Сұлтанда үш адамды пышақтаған күдікті ұсталды

22.09.2020 22:56

Бәрі ауруханада ем алып жатыр

ашық дереккөз

Нұр-Сұлтанда үш адамды пышақтап кеткен күдікті ұсталды. Елордалық полиция департаментінің мамандары қылмыстың мас күйде жасалғанын айтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көңілді отырыс кезінде, жоқ жерден жанжал шығып, ер адам досына үш рет пышақ салып жіберген. Қанды қылмысты жасыру мақсатында, ол дастархандас болған тағы бір көршісі мен оның зайыбын да өлтірмекші болыпты. Абырой болғанда, ауыр жарақат алған жәбірленушілер тірі. Бәрі ауруханада ем алып жатыр.  

«Полиция қызметкерлері ауыр қылмыс жасаған күдіктіге қылмыс орнынан жасырынуға жол бермей, оны 15 минут ішінде ұстады. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Ұсталған ер адамның ҚР Қылмыстық кодексінің 103-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша бұрын сотталғаны анықталды», – деді қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шәуленова