Жергілікті полиция өкілдері аталмыш жағдай бойынша тексеру жұмыстарын бастап кетті
Интернет желісінде жас қыздардың төбелескен видеосы тарады. Олар Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбаршы ауылының тоғызыншы сынып оқушылары боп шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жергілікті полиция өкілдері аталмыш жағдай бойынша тексеру жұмыстарын бастап кетті. Кейінірек желіде соққыға жыққан қыздардың бірі екінші тараптан кешірім сұраған видеосы жарияланды.
Оқиға болған жерден:
- Бәрі үшін кешірім сұраймын. Бәрі менің кінәм. Бәріне мен жауаптымын. Мен бәрін айтқан. Ешкімнің де кінәсі жоқ. Мына қыздар жай айналамда жүрді. Мен оны құшақтап тұрып кешірім сұрадым. Кешірші, менікі қате болды, ашу үстіндегі қате деп.
Кешірім сұраймын тағы да.