|
09.02.2022 | 15:04
2724

Таразда бір аптада 15 қару мен 1 мыңға жуық патрон табылды

Қаруларды қаланың әр бөлігіне, тіпті зираттарға жасырып кеткен

Таразда бір аптада 15 қару мен 1 мыңға жуық патрон табылды Almaty.tv

Тараз қаласы аумағынан бір аптада 15 қару мен 1 мыңға жуық патрон табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қалалық полиция басқармасының мамандары Ұлттық Ұлан әскери жасақ қызметкерлерімен бірлесіп, барлық қараусыз қалған нысандарды, мөлтек аудандардың жертөлелері мен шатырларын тексеріп шыққан. Соның нәтижесінде 3 бірлік «Калашников» автоматын, 6 дана аңшы мылтығы мен 3 травматикалық тапанша табылыпты. Оларды қаланың әр бөлігіне, тіпті зираттарға жасырып кеткен.

Қару-жарақ пен оқ дәрілерді іздестіру жұмыстарына қызметтік иттер де қосылған. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, табылған суық қарудың бәрі де сараптамаға жіберіледі. Қаланы қару-жарақтан тазарту жұмыстары әлі жалғасып жатыр.  

«Қаруды полицияға өткізу акциясы әлі де жалғасуда. Жамбыл облысының полиция департаменті қаруды, оқ-дәрілердің арнайы құралдары туралы орнын хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен табыстаған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды», - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметкері Гүлсара Мұхтарқұлова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир