Қарағандыда кассирге бензин шашып, тонап кеткен ұрылар ұсталды
Күдіктілер 19 және 28 жастағы қала тұрғындары болып шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қарағанды облысының полициясы шағын несие ұйымының кассиріне бензин шашып, 120 мың теңгені тонап кеткен қарақшыларды ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Күдіктілер 19 және 28 жастағы қала тұрғындары болып шықты. Олар өз кінәсін мойындап, қазір абақтыда тергеудің аяқталуын күтіп отыр.
Еске салсақ, тонау оқиғасы 9 ақпан күні болған. Медициналық бетперде таққан қарақшылардың бірі бейнебақылау камерасына түсіп қалып, көп ұзамай күдіктінің екеуі де, темір торға тоғытылды. Жасаған қылмысы үшін сыбайластар 15 жылға сотталуы мүмкін.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
11.10.2026 11:30
Дәрігерлер күндіз қанша уақыт ұйықтау керек екенін айтты
11.10.2026 11:14
Қанттың зияны тағам түріне байланысты ма: диетологтар ескертуі
11.10.2026 17:43
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
11.10.2026 17:34