Маңғыстау облысында бір әйел екі несиесін жабу үшін жаңа туған сәбиін сатпақшы болған
Фото из открытых источников
Екі тарап та тергеу аяқталғанша ешқайда кетпеу жөніндегі кепілхатпен босатылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Маңғыстау облысында бір әйел екі банктегі несиесін жабу үшін жаңа туған сәбиін сатпақшы болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.
ҚР ІІМ ресми сайтының хабарлауынша, Маңғыстау облысының полициясына бір әйел біреуден баласын ала алмай жүргеніне арызданған.
Мамыр айында арызданушы әйел өзінің туған ұлын бейтаныс әйелге асырап алуға берген, оның орнына ол екі банктегі 907 мың теңге көлеміндегі несиені жауып беруге келіскен, бірақ ақырында бала алған әйел уәдесін орындамаған. Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабы, яғни "Адам саудасы" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Екі тарап та тергеу аяқталғанша ешқайда кетпеу жөніндегі кепілхатпен босатылды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
19.10.2026 08:10
Апельсин шырынының ағзаға пайдасы қандай
18.10.2026 16:06