Алматыда 83 жастағы қарияны тонап кетті

22.06.2022 20:09

Тергеу амалдары жүріп жатыр

бейнебақылау камерасы

Алматыда Әуезов ауданында ер адам 83 жастағы қарияны тонап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Күдікті аулалардың бірінде зейнеткерді аңдып, оның мойнындағы алтын алқасын алып қашқан. Арам пиғылын жүзеге асырмақ болған ер адамның бұл әрекеті бақылау камерасына түсіп қалған.

«Алтын алқасын жұлып алып, сатып жібердім», –  деді күдікті.

«Ұрлық фактісі бойынша бізге арыз түсті. Әуезов ауданындағы  10-шағынауданы 15-үй маңында қылмыс болған.  Біз арнайы тергеу-жедел тобын құрып, күдіктіні қолға түсірдік. Ол бұған дейін де осындай қылмыс жасағаны үшін сотталған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр», – деді Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдретбаев.