Көпір үстінде көлік қозғалысы 23 маусым мен 8 шілде аралығында шектеледі
Жол жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты 23 маусым мен 8 шілде аралығында Жаяу Мұса көшесіндегі Рысқұлов даңғылы мен Түркістан көшесін байланыстыратын көпір үстінде көлік қозғалысы толық шектелетін болады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Аталған жұмыстардың жүргізілуіне байланысты келесі бағыттардың сызбасына да уақытша өзгерістер енгізіледі:
«Аталған аймақта орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз», – деді басқарма өкілі.
Дереккөз: Алматы қалалық мобилділік басқармасы.