Қазақстан Грузияға тергеу тобын жібереді

17.05.2021 в 20:11

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты

Грузияда қайтыс болған Әсел Айтпаеваның өліміне қатысты Қазақстан Грузияға тергеу тобын жібереді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның мәлімдеуінше, Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті марқұмның ата-анасының шағымы бойынша Мейірбеков деген азаматтың үстінен қылмыстық кодексінің 128-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған. Күдікті ұсталып, Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің уақытша оқшаулау орнынан қамалды.

«Таяу уақытта халықаралық келісімдерге сәйкес, ҚР Бас прокуратурасы мен Сыртқы істер министрлігінің үйлестіруімен Ішкі істер министрлігі Грузияға жедел тергеу тобын жібереді. Оның міндеті – орын алған қайғылы жайттың барлық мән-жайын зерделеу және грузин тарапымен сотқа дейінгі тергеу материалдары бойынша ақпарат алмасу», – деді ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.