Қазақстанда тек жастардан құрылған рэкетирлер тобы ұсталды. 18-24 жас аралығындағы жігіттер біраздан бері адамдарды бопсалаумен, тонаумен және жәбірленушілерді қинап ұстаумен айналысып келген, деп хабарлайды Almaty.tv.
ІІМ жүргізген операция кезінде заңға қарсы әрекет еткендер Шымкент пен Павлодар қалаларында қолға түсті. Құзырлы органдардың ақпарынша, күдіктілер құрдастарын оқу орындары мен жатақханаларда, ойын-сауық орталықтарында қыспаққа алып, несие рәсімдеткен. Бұл қылмысқа қатысты Павлодарда 5 адам ұсталды. Ал Шымкентте қолға түскен 6 азамат өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, құрбандарын қорқытып, тіпті күш қолдану арқылы ақша бопсалапты.
– Қылмыстық топтың барлық қатысушылары ұсталып, қамауға алынды. Көрсетілген фактілер бойынша Шымкент қаласы және Павлодар облысы Полиция департаменттерінің тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Ұсталған адамдарға үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады, – деді ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.
Оқи отырыңыз: Мегаполис тұрғыны іш киіміне есірткі жасырып, жалтармақ болған