«Қазақалтын» кенішінде алтын ұрлағандар ұсталды

tks.kz
tks.kz
122 млн. теңгеден астам сомаға шығын келтірілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазақалтын» кенішінде алтын ұрлағандар ұсталды. Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде кәсіпорынға аса ірі мөлшерде, дәлірек айтсақ 122 млн. теңгеден астам сомаға шығын келтірілген, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ретінде 26 және 34 жастағы Жолымбет кентінің екі тұрғыны қолға түскен. Олардың осы кәсіпорында жұмыс істегені белгілі. Тергеу кезінде қарақшылардың қылмыстық әрекетін  алты ай бұрын жоспарлағаны анықталды.

«Тергеу барысында заттай дәлелдемелер, яғни катод алтыны күдіктілердің бірінің туыстарының үйінен табылды. Одан әрі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Іс сотқа жіберілді. Олар бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанындықтан, үй қамауында», – деді Ақмола облысы полиция    департаменті бастығының орынбасары Ерлан Қасым.

Новости партнеров