Ақбұлақ шағынауданындағы жантүршігерлік жайтқа қатысты жаңа деректер шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
5 адамның өліміне себепкер Игорь Дужновтың ісіне қатысты кезекті сот отырысы өтті. Бұған дейін оның жауынгерлік әзірлігі мен қару қолдану тәжірибесі бар екені белгілі болған. Ол өз еркімен 2014 жылы Украинадағы Луганскіде әскери іс-қимылға қатысыпты. Бұл туралы бүгін сот отырысында куәгер Александр Юрьев мәлімдеді. Оны тергеу изоляторында отырған Игорь Дужновтің өзі де мойындады.
«Мен ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандарынан сұрап білдім. Қару қолданып, адамдарға мылтық кезену тактикасын беске біледі. Мұндай адамдар біздің қоғамға аса қауіпті. Ал қайғылы жағдай болған күні Дужновтың туыстары үйде құпия сақталған сейфтің орналасқанын білетінін, ал оның ішінде аңшы мылтығының барынан бейхабар екенін айтты»,– деді куәгер Александр Юрьев.
Еске салайық, 2021 жылдың 20 қыркүйегінде 54 жастағы азамат сот орындаушылары мен учаскелік полиция инспекторларына оқ атқан еді. Оқиға кезінде бес адам қаза тапты, олардың екеуі - қызметтік міндетін атқарып жүрген полиция қызметкері. Қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында онлайн режимде өткен сот отырысына күдіктінің қызы мен әйелі және оқиға кезінде көз жұмған азаматтардың туыстары қатысты.