Департаменттің мәліметінше текетірес жол ережелерінің бұзылуына байланысты туындаған
Алматы облыстық полиция департаменті басшысы орынбасары Ержан Оразбековтің көлігіне белгісіз біреулер оқ атып, қашып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазір күдіктілер іздестіріліп жатыр. Оқиға «Алматы-Өскемен» тас жолында «Арқарлы» асуының маңында түскі уақытта болған. Департаменттің мәліметінше текетірес жол ережелерінің бұзылуына байланысты туындаған. Зардап шеккен ешкім жоқ. Дерекке қатысты «Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Ізін суытқан тұлғаларды анықтау және оларды ұстау бойынша шаралар қолға алынуда. Болған оқиғаның анық-қанығы тергеу барысында анықталатын болады. Жедел іздестіру шаралары жалғасын табуда», – деді Алматы облысы ПД ресми өкілі Ақбота Әзірбек.