Мектеп директорына 6,9 млн теңге айыппұл салынды
Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары, білім мекемесінің бухгалтері сотталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі El.kz-ке сілтеме жасап.
Үкім Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шығарылды.
Сот үкімімен белгіленген нормативтен тыс жалақыны заңсыз аударғаны, сондай-ақ «өлі жандарға» жүйелі төлем жасап келгені үшін директор орынбасары мен мектеп бухгалтері 7 және 8 жылға бас бостандығынан айырылған.
Ал жұмысына салғырт қараған мектеп директорына 6,9 млн теңге айыппұл салынды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Оқи отырыңыз: Баланы терезеден лақтырды: Шымкентте сот үкімі шықты