Бағалы металдың заңсыз айналымымен айналысқан топ анықталды

28.11.2023 20:21

Олар жымысқы әрекетін 4 жылдан бері іске асырып келген

Кадр из видео Almaty.tv

Құзырлы орган заңсыз жолмен айналымға аса ірі көлемде бағалы металлдар шығарған бір топ адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар жымысқы әрекетін 4 жылдан бері іске асырып келген. Өнімдерін еліміздің бірнеше өңіріндегі сауда үйінде сатқан. Күдіктілер алтынды заңсыз өндіріп, есепке алынбаған зергерлік бұйымдар жасап, оны алып-сатумен айналысқаны анықталды. Соңғы 2 жылдың өзінде арадағы ақша айналымы 300 миллион теңгеден асыпты. Тінту кезінде олардан 1 киллограмнан астам бағалы металл мен сатуға дайындалған 335 зергерлік бұйым тәркіленді.

– Іс бойынша 5 адам күдікті деп танылып, оның үшеуіне қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Оқи отырыңыз: Адам саудасы: шымкенттік келіншек туған баласын сатпақ болған