Астаналық тұрғын алаяққа тап болды
ҰБТ-дан төмен балл жинаған Астана қаласының тұрғыны қандай жолмен болмасын оқуға түсуді ойлаған. "Мәселесін шешу үшін" 1,5 млн теңге берген ол алаяқтың құрығына түсіп, сан соғып қалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
12 қазанда Астана полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, елордалық полицияға жергілікті тұрғын алаяқтық дерегі бойынша арызданған. Ол Ұлттық бірыңғай тестілеуден төмен балл жинағандықтан, ЖОО түсе алмай қалған. Оқуға түсу үшін біреуге пара бергенін мойындаған. "Жоғары жақта танысым бар" деген бір жігіт оған 1,5 млн теңгеге оқуға түсіруге уәде еткен.
Ол студент атану үшін алдын ала 600 мың теңге төлеуге келіскен, алайда "жоғары жақта танысы бар адам" ақшаны алып, хабарсыз кеткен. Астаналық жігіт алаяқтың құрбаны болғанын түсініп, полицияға хабарласқан.
Полицейлер күдікті ретінде 28 жастағы жігітті ұстады. Оның тағы бір осындай іске қатысы бар екені анықталды. Қазір ҚР Қылмыстық кодексiнің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Оқи отырыңыз: Қоғамда кең тараған алаяқтық тізбек белгілі болды