|
15.09.2022 | 20:03
1261

Ақтауда екі азаматты азаптаған жігіттер тергеу изоляторына қамалды

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған

Ақтауда екі азаматты азаптаған жігіттер тергеу изоляторына қамалды Әуесқой түсірілім

Ақтауда екі азаматты азаптаған үш жігітті полиция ұстап, тергеу изоляторына қамады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Адам төзгісіз жауыздыққа барғандардың тағы біреуі әлі бостандықта жүр. Тәртіп сақшылары аумақты аралап, іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Еске салсақ, бүгін түске таман әлеуметтік желіде бетін тұмшалағандардың бір жігіттің саусағын бір талдап сындырып, екіншісін балтамен ұлып сұлатып, соққыға жыққан бейнежазбасы тараған болатын. Полиция дерегінше, екі оқиға әртүрлі уақытта болған. Жастардың мұндай әрекетке нақты не үшін барғаны әзірге белгісіз.  

«Екі фактіге қатысты ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғалардың толық мән-жайы анықталып жатыр», – деді полиция департаментінің ресми өкілі Әйгерім Ибатуллаева.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир