Нұр-Сұлтанда іздеуде жүрген 14 қылмыскер ұсталды

Нұр-Сұлтанда іздеуде жүрген 14 қылмыскер ұсталды
Көрші елде ол есірткі мен психотроптық заттарды заңсыз сақтағаны және тасымалдағаны үшін іздеуде болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұр-Сұлтанда іздеуде жүрген 14 қылмыскер ұсталды. Ол туралы қалалық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, «Мигрант» профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде полиция қызметкерлері мемлекетаралық іздеуде жүрген 29 жастағы Ресей Федерациясының азаматын қолға түсірген. Күдікті Ресейдегі тергеуден жасырынып, 2014 жылдың мамыр айында Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен. Көрші елде ол есірткі мен психотроптық заттарды заңсыз сақтағаны және тасымалдағаны үшін іздеуде болған.

«Жедел алдын алу іс-шараларының қорытындысы бойынша шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында болу ережелерін әртүрлі бұзғаны үшін 357 шетелдік азамат анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен елден 33 шетелдік шығарылды. Оларды шақырған және белгіленген болу ережелерін сақтауын қамтамасыз етпеген Қазақстанның 150 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының басшысы Арман Баймұхамет.

Новости партнеров