|
27.08.2024 | 15:27
105

Шымкентте тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары сотталды

Ол сөз байласуы бойынша аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырған

Шымкентте тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары сотталды elements.envato.com

Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қалалық тұрғын үй басқармасы басшының орынбасары М. және жеке кәсіпкер О.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеп-тексеру органымен М. лауазымды адамның адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша аса ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқырғаны (ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы) және лауазымды адамның қылмыстық жолмен алынған ірі мөлшердегі ақшаны заңдастырғаны үшін ҚК-нің 218-бабы 3-бөлігінің 1), 3) тармақтары) айыпталған.

О. - алдын ала сөз байласуы бойынша аса ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін (ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы) айыпталған.

Сотта анықталғаны:

М. Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы басшының орынбасары бола тұра, 2023 жылы көпқабатты тұрғын үйлердің сейсмикалық тұрақтылығы бойынша техникалық зерттеу жүргізуге қатысты мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша орындалмаған жұмыстарды және көпқабатты тұрғын үйлердің жөндеу жұмыстарына қатысты орындалмаған жұмыстарды қабылдап, бюджеттің жалпы 367 млн. теңгеден астам ақшаны сотталушы – жеке кәсіпкер О.-ның көмегімен жымқырған.

О. басқа тұлғалардың атына тіркелген және тендерлер бойынша женімпаз болған ЖШС-тер арқылы ақша қаражаттарын алған.

М. өзінің ата-анасының атына тіркелген монша кешенін салуды ұйымдастырып, осы арқылы қылмыстық жолмен тапқан ақшаны заңдастырған.

Сотталушылардың кінәсі куәлердің жауабымен, заттай дәлелдемелермен, жасырын тергеу әрекеттерімен, стенограммамен, сарапшылардың және мамандардың қорытындыларымен және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденді.

Сот қандай және неліктен жаза тағайындады

Сот, сотталушылардың қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар ретінде олардың әр қайсысының асырауында жасөспірім балаларының болуын таныды.

М.-ның қылмыстық жауапкершілігін ауырлататын мән-жай ретінде қылмыстық құқық бұзушылықты берген кәсіби антын бұза отырып жасауын таныды, О.-ның қылмыстық жауапкершілігін ауырлататын мән-жайлар анықталмады.

Сотпен М. ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен, 218-бабы 3-бөлігінің 1), 3) тармақтарымен кінәлі деп танылып, оған түпкілікті мүлкін тәркілеп, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

О. ҚК-нің 28-бабы 5-бөлігінің, 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, оған 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз: Атырауда ҰҚК қызметкерлері тергеу изоляторы бастығын ұстады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир