Оқиға Медеу ауданында болған
Алматы полицейлері қаланың қақ ортасында қару асынғандарды қолға түсірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқиға Медеу ауданында болған. Тәртіп сақшылары күмәнді көліктің соңынан қуып, Сейфулин даңғылының бойында тоқтатады. Машина ішіндегі азаматтар көлікті тастап қаша жөнелген. Жолда біреуі автомат пен пышақ салынған сөмкені лақтырыпты. Әзірге бір күдікті қолға түскен. Тергеу басталды.