Алматылық тұрғын сан соғып қалды: 83 млн теңгесінен айырылды

17.02.2024 20:28

Тәртіп сақшылары алданғандардың әлі де көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды

Сгенерировано ИИ

Алаяққа сенген Алматы тұрғыны 83 млн теңгесінен айырылып қалды. Полиция күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Ол таныс әйелге инвестицияны көбейту үшін қомақты соманы берген.

 – Т есімді азаматша таныстарына ЖШС бірінің атынан ірі отандық компаниялардың біріне салымдар жасап, инвестиция арқылы қосалқы бөлшектерді жеткізуге келісімшарт дайындап жатқанын айтқан. Қазіргі уақытта біздің бөлімшеге осындай алаяқтық туралы арызбен 9 адам жүгінді. Алдын ала мәлімет бойынша, Т есімді азаматша делдал ретінде 10 миллионнан 20 миллион теңгеге дейін алдын ала төлем алған, ал жәбірленушілердің бірінен 83 миллион теңгені алып алған. Күдікті ұсталды. Ол – Алматы облысының тұрғыны. Осы эпизодтардың барлығы бір өндіріске біріктіріліп, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде қылмыстық іс қозғалды, – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев. 

Тәртіп сақшылары алданғандардың әлі де көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Күдіктіні таныған жағдайда полицияға хабарласуды сұрайды.

Оқи отырыңыз: Полиция мектеп айналасындағы жол қауіпсіздігін тексерді