Полиция мектеп айналасындағы жол қауіпсіздігін тексерді

polisia.kz
polisia.kz
Мегапоисте 1462 білім беру мекемесі бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы полициясы мектеп айналасындағы жол қауіпсіздігін тексерді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Мегапоисте 1462 білім беру мекемесі бар. Алматы полициясы жол-көлік жарақатының алдын алу және жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында жалпы білім беретін және мектепке дейінгі мекемелерге іргелес аумақтарға тексеру жүргізді. 

– Жалпы, білім ошақтарындағы жол белгілері толығымен орнатылған. Жол қозғалысына қатысушылардың назарын аудару үшін максималды жылдамдық туралы хабарлай отырып, "Назар аударыңыз! Балалар!", "Жаяу жүргіншілер" және басқа да ақпараттары бар жол белгілерінің 1408 бірлігі орнатылып, 588 бірлігі ауыстырылды. Сонымен қатар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және іргелес аумаққа балалардың кездейсоқ шығуына жол бермеу үшін негізгі көшелерге темір қоршаулар мен қоршау дөңгелегі орнатылды. Сондай-ақ 207 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі LED жарықтандыруымен және жеке жобаланған панельдермен жабдықталған, – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев. 

Сонымен бірге, ӘПБ мәліметтері бойынша, білім беру мекемелері аумағында көлік қозғалысының жылдамдығын бақылау мақсатында "Сергек" АӨК-нің 112 бекеті жұмыс істейді. "Мектеп автобусы" жобасын жүзеге асыру аясында 2023 жылы 30 мектепке 8258 оқушыны қамтитын 100 автобус сатып алынды. 2024 жылы 15360 баланы қамтитын тағы 100 автобус сатып алу жоспарда бар.

Оқи отырыңыз: Еліміздің 9 облысында көлік қозғалысына шектеулер енгізілді

Новости партнеров