Алматыда автобуста ер адам бұрынғы әйелін өлтірмек болды

запись с камеры видеонаблюдения в автобусе
запись с камеры видеонаблюдения в автобусе
Алматы қаласының Полиция департаменті бұл оқиғаны Алатау аудандық полиция басқармасында тіркелгенін хабарлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласында ер адам бұрынғы әйеліне пышақпен шабуыл жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«НеМолчи.kz» қоғамдық қорының мәліметі бойынша оқиға Алматы қаласындағы автобустардың бірінде болған. Екі баласы бар 27 жастағы әйел адамға бұрынғы күйеуі пышақпен шабуыл жасаған.

Қор жариялаған кадрларға қарағанда, олар бастапқыда екеуара әңгімелесіп тұрған. Осыдан кейін ер адамның бұрынғы әйеліне қол көтергенін, артынша қолында пышақ тәрізді зат барын байқауға болады. Осы уақытта жолаушылардың бірі оны тоқтатуға көмектесті.

Алматы қаласының Полиция департаменті бұл оқиғаны Алатау аудандық полиция басқармасында тіркелгенін хабарлады.

«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде, олардың нәтижесіне сәйкес, қылмыстық іс бойынша біліктілік беріліп, түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады», - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Новости партнеров